Отрасли
Сообщества
Новость
«Сен және сенің құқығың»
2014 жылдың 20 қазан күні сағат 8.00-де 5 а, ә, б, в, г сыныптары арасында «Сен және сенің құқығың» атты таңертеңгілік тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ 5 кезеңнен құрылып, жоспар бойынша жүргізілді.
2014 жылдың 20 қазан күні сағат 8.00-де 5 а, ә, б, в, г сыныптары арасында «Сен және сенің құқығың» атты таңертеңгілік тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ 5 кезеңнен құрылып, жоспар бойынша жүргізілді.
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
І кезеңде мектеп психологы Ұлзира оқушылармен бойдағы ашу- ызаны қалай жеңіп, қоршаған ортаға кесірін тигізбеудің жолдары туралы тренинг өткізді.
Мектеп – жастарға құқықтық тәрбие беруде және құқық бұзушылықтың алдын алудағы мүмкіндігі зор әлеуметтік мекеме. Сондықтан мектепте ұстаздар шәкірттерге қоятын талаптарын айқындап, оларға лайықты мінез-құлық ережелерін жасап, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытуға тәрбиелеп, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға баулиды. Мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы құқықтық тәрбие алады. Ол балалардың жас ерекшелігіне сәйкес орындалады.
Құқықтық тәрбиедегі негізгі мақсатымыз - болашақ азаматтарымызды құқықты демократиялық мемлекетімізде өмір сүруге дайындау, мемлекет пен қоғамның, адам мен қожа иеліктерінің ара қатынасын айқындауға үйрету.
ІІ кезеңде оқушыларға құқық, мораль туралы жалпы түсініктер берілді.
Елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.
ІІІ кезеңде « Сенің құқығың – менің құқығым» оқушылар өз құқықтары және міндеттері жөнінде айтып өтті.
ІҮ «Тығырықтан шығар жол қайсы» бұл кезеңде ситуациялық сұрақтардан тұрды. Оқушылар белсене қатысып, сауатты жауаптар берді.
V Көкейде жүрген сауалдар кезеңінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләйлә Сағиқызына төмендегідей сұрақтар қойылды.
- Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?
- Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
- Қылмыстың белгілері қандай?
- Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?
- Ауданымызда жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.
- Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?
Мектеп оқушыларына ақыл-кеңес берілді.
ҮІ. Ойды аяқта айдарында оқушыларға мақал-мәтелдерді жалғастыру бойынша тапсырмалар берілді. Барлық оқушылар өз білімділігімен, тапқырлықтарымен бұл кезеңді де өте жақсы орындады.
Бүгінгі сабағымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосты. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап табылды.
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніміміз мол.
Аманбаева Гүлзира Мұратқызы