Отрасли
Сообщества
Новость
"Ағылшын тілі - достықтың тілі" атты ағылшын тілі апталығы
2014-2015 оқу жылына бекітілген оқу жоспарының негізінде қазан айының 13-нен "English is a landuage of friendship" "Ағылшын тілі - достықтың тілі" атты тақырыппен ағылшын тілі пәні апталығы басталды. Атпалық 20 қазанға дейін өткізіледі.
Бекітілген жоспар бойынша 13.10.2014ж апталықтың ашылу салтанатын ӘБ жетекшісі А.М.Бақытбекова Британия патшайымы Елизавета ІІ-нің біздің елге қонаққа келіп, мектеп оқушыларымен Ұлыбританияға жасаған саяхаты ретінде ұйымдастырып, 5-11 сыныптар арасында тізіліс өткізді. Тізіліс оқушылар үшін өте әсерлі де қызықты өтті. Оқушылар интербелсенді тақтаның көмегімен Лондон қаласының әлемге әйгілі орындарын, Лондон қаласында орналасқан ханшайым Елизавета ІІ-нің Buckingham сарайын тамашалап, осы сарай туралы, ханшайым Елизавета ІІ-нің жеке өмірі туралы құнды деректермен танысты. 5-8 сынып оқушылары ханшайымға тарту ретінде ағылшын тілінде Шекспир мен Байронның шығармаларынан үзінділер оқыды.