Отрасли
Сообщества
Новость
Көптілді білім берудегі инновациялық технологиялар
28-29 қазан күндері «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» Мемлекеттік мекемесі базасында, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің ұстаздары үшін «Көптілді білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
28-29 қазан күндері «Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар қазақ-түрік лицейі» Мемлекеттік мекемесі базасында, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің ұстаздары үшін «Көптілді білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану, көптілділік жағдайында оқытудың іс-тәжірибесімен алмасу, жастардың үш тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Республикалық семинар барысында пленарлық отырыс, секциялық жұмыстарда көптілділік мәселесіне байланысты баяндамалар оқылып, шебер сыныптар өткізілді. Көптілділік мәселесін әлемдік деңгейде оқытудың, көптілді тұлға қалыптастырудың болашағы, Қазақстан мектептеріндегі көптілді білім берудің жағдайы тақырыбында сұхбат, пікір алмасу болды. Екі күнге созылған ғылыми-практикалық семинарға Астана қаласы №48 мектеп-лицейінен директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Момынқұлова Алтын мен информатика пәні мұғалімі Ибраймова Қамажай қатысып қайтты.