Отрасли
Сообщества
Новость
Күзгі демалыс кереметтері
Балалар үшін күзгі демалыс асыға күтетін сәт. Осы демалыстың алғашқы күндерінде-ақ 5«Ж» сынып оқушылары ата-аналары және сынып жетекшісімен
Балалар үшін күзгі демалыс асыға күтетін сәт. Осы демалыстың алғашқы күндерінде-ақ 5«Ж» сынып оқушылары ата-аналары және сынып жетекшісімен бірге танымдық сапарларын Есілдің сол жағалауында орналасқан, жақында ғана ашылған Ұлттық мұражайды аралаудан бастап кетті.
Танымдық сапардың басты мақсаты - тарихи жәдігерлерімізді ұлықтап, ұрпаққа ұлағат ету. Сонымен қатар сан мыңжылдық шежіреге жазылатын Қазақстан тарихының жаңа беті ашылып отырғанынан хабардар ету.
Мұражайдан оқушылар тарих, этнографиялық залымен толық танысып, ежелгі және орта ғасыр тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихи жәдігерлер мен сан мыңжылдық шежіре туралы ақпарат алып, Алтын залын көрді. Соңында қыран бүркіттің қалықтап ұшқан сәтін тамашалады.
Танымдық сапар келесі күні де жалғасын тауып, заманауи ақпараттық мекеме Ұлттық академиялық кітапханаға барды.Мұндағы мақсат балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және кітапханадағы ақпараттық және сервистік қызметтің толық жиынтығымен таныстыру.
Оқушылар кітапхананың 11 залын аралады. Электронды каталог, Интернет пен қашықтықтағы деректер базасына қолжетімділік, виртуальды анықтамалық қызмет, құжаттарды электронды жеткізу, кітаптар, газет-журналдар, мультимедиялық басылымдардың бай топтамасымен танысты. Сонымен қатар биыл кітапханаға 10 жыл толады. Кітапхана қызметкерлері мерейтойға қызу дайындық үстінде екен. Тағы бір қуантарлық жағдай жақында ғана балаларға арналған оқу залы ашылыпты. Сол залға оқушылар кіріп, балаларға арналған жаңа оқулықтармен қауышып бір марқайып қалды.
Демалыстың үшінші күні 6-қарашада мектебімізде 5 сыныптар арасында «Халық добы» спорттық ойынында 5 «Ж» сынып оқушылары белсенділік танытып, 3-орынды иеленді. Мұның өзі балалар үшін қуантарлық жайт.
Міне, күзгі демалыс осылайша өз қызығымен тез өтіп кеткенін оқушылар да байқамай қалды. ІІ тоқсан басында оқушылар танымдық сапардан алған әсерлерін ойтолғау түрінде жазып, ұстаздарға жарыса оқып берді.