Отрасли
Обсуждения
Новость
Астана қаласы № 55орта мектепте Қариялар күніне орай 3 сыныптар арасында «Әжем және мен атты » әжелер сайысы өтті.
Астана қаласы № 55орта мектепте Қариялар күніне орай 3 сыныптар арасында «Әжем және мен атты » әжелер сайысы өтті.
Әжелер сайысы әртүрлі кезеңдерден тұрды . Әжелер ерекше дайындалып бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні белгілі болды.« Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды », сөзді аяулы аналардың, таудай қамқор әкелердің аналары - әжелерімізге арнағым келеді. Өйткені қазақ қоғамында әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс тезге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбетінен алыстатпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жаулықты әженің бала тәрбиелеудегі ролі ерекше десем артық болмас. Себебі, әжелер өнегесі ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі. Бұл - ұлттық болмысымызға тән қасиет әрі құндылық. Осы айтылған сөздер бүгінгі әжелер сайсында дәлел болды. Бірі ұлттық салт –дәстүрімізді көрсетсе ,енді бірі қол өнер шеберлігін , ұлттық тағамдарды, немерелеріне үйде үйретіп жүрген ұлттық қол өнерлерімізді де көрсетіп , би билеп ән айтып ,көрініс көрсетіп дәлелдеді. Дәстүрімізге байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды да орындады. Міне , қазақ халқының дәстүрінің ұмытылмайтынын және ұрпақтан –ұрпаққа жалғасатынын бүгінгі әжелерімізге қарап отырып қуана алдық . Сайсымыздың соңы құттықтау сөздер айтылып, оқушыларға марапттау қағаздары әжелерге алғыс хаттар сыйлықтар берілді.