Отрасли
Сообщества
Новость
Біз «Қолдарынан бал тамған» атты қалалық байқаудамыз
2014 жылдың 20 қараша айында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Астана қаласы, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжінің» ұйымдастыруымен «Козерог» мейрамханасында «Қолдарынан бал тамған» атты қалалық студенттік байқауы өтті. Осы конкурстың мақсаты мен міндеттері - мамандырдың кәсіби дайындығының сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, жастар арасында осы кәсіптің керектігі.

Осы конкурстың қатысушылары техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарының студенттері. Біздің оқу орнынан өкіл ретінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 1,2,3 курс студенттері – Акпекова Жазира, Әміров Еркебұлан және Қайыркен Азат қатысты. Осы байқауда 3 курс студенті Акпекова Жазира 2 орынға ие болып, өз жеңісін дәлелдей білді, яғни аспазшы кәсібі – бұл өнер, және де бұнда кәсіпқойлық, шығармашылық және дәлдік қажет! Осы байқауда Жазира 14 студенттің арасынан 2 орынға ие болды.