Отрасли
Сообщества
Новость
Ұлы ғұлама - Д. Менделеевтің туғанына 180 жыл
2014 жылдың 17 қарашасында «Жараталыстану-математикалық пәндері» пәндік циклының апталығы жоспар бойынша ашылды. Апталыққа дәстүр бойынша атау берілді. Бұл жолғы апталықтың тақырыбы «Ұлы ғұлама - Д.И. Менделеевтің туғанына 180 жыл» толуына арналды.
Бұл апталықтың мақсаты студенттерге Д.И. Менделеевтің жан-жақты зерттеу жұмыстары, өмірі мен шығармашылығы жөнінде ақпарат беру болды.
Дмитрий Иванович Менделеев – 27 қаңтар (8-ші ақпан) 1834 жылы Тобольск қаласында Иван Павлович Менделеев жанұясында дүниеге келді. Әкесі Тобольск гимназиясының директоры және танымал ұстаз болатын. Жанұяда Дмитрий он жетінші бала болып дүниеге келді.

Жастайынан бұғанасы қатпай жатып жетім болып қалды. Дмитрий Иванович Менделеев бала кезінен табиғатты сүюге, еңбек етуге талпынған шын талант иесі.
Д. И. Менделеевтің анасы –Мария Дмитриевна. Анасы бар өмірін балалаларына арнаған, өздігінен сауаттанған адам. Менделеевтің әлемге танымал болуына бірден – бір жол салған атасы В. Д. Корнильев болатын. Ол ғалымдар еңбектері мен көркем әдебиет кітаптарын оқуға, білімге ұмтылуға тәрбиеледі. Менделеев 1907 ж. 20-қаңтарда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Менделеевтің құрметіне жасанды жолмен алынған радиоактивті 101 химиялық элемент «менделевий» деп аталды.