Отрасли
Сообщества
Новость
Интеллектуалдық кафе
Студенттердің қабілеттерін арттыруға жаңа технологияның кейбір элементтерін пайдалану жолдарын іздестіріп, елеулі әдістемелік жұмыстар атқару біздің басты мақсатымыз. Дәстүрлі емес сабақтардың бір түрі кіріктірілген сабақ пәнаралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты болады.
Оқу материалдарын бағдарламаға сай пәндер бойынша біріктіріп беру студенттердің жан – жақты тұтас, терең білім алуына мүмкіндік жасайды.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығында оқитын 1- курс Ақ-1, Ақ1/ ком студенттеріне «Информатика» және «Арнайы технология» пәндері бойынша қараша айының 22-ші жұлдызында «Интелектуалдық кафе» деген тақырыпқа сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Ойын алты кезеңнен тұрды:
Шай (Таныстыру)
Салаттар:
Тон астындағы тышқан (сұрақ-жауап)
Тарихи винегрет (ұлы ғұламалар)
Компьютерлік краб түрмебұршақ (ақпаратты мақал-мәтелдермен сәйкестендіру)
Негізгі тағам:
Логикалық бешбармақ- (келісімді баға сұрақ таңдай отырып жауап беру)
Десерт:
Интеллектуалдық коктейль-(қонақтардың өз өнері)
Кафеге келген қонақтармен ойын ойнатылды. Көрермендер мен ойынға қатысушы қонақтардың көңілінен шықты. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Бұл ойынды ұйымдастырушылар информатика пәнінің оқытушысы Р.А. Абдураимова, арнайы пәндер оқытушысы М.Ж. Айтжанова.