Отрасли
Сообщества
Новость
"Мен бүгін елбасыммен мақтанамын"
Мақсаты: оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеуеңбек жолы мен еліміздің өркендеуі елбасының дұрыс саясатының нәтижесі екенін түсіндіре отырып,мақтаныш сезімін баулу.
Мақсаты: оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеуеңбек жолы мен еліміздің өркендеуі елбасының дұрыс саясатының нәтижесі екенін түсіндіре отырып,мақтаныш сезімін баулу.
Көрнекілік: «Елбасы-елдің тұтқасы» слайд, «Менің президентім» баспа көрмесі, «Мен елбасыммен мақтанамын» тақырыбындағы оқушылар шығармалары,стенд «Береке бірлігі жарасқан елдің елбасшысы»,сөзжұмбақ.
1 жүргізуші: «Мен бүгін елбасыммен мақтанамын» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!
1жүргізуші. Қ.Р.мемлекеттік әнұранын айтуға тік тұр!
Әнұран
Отан дейміз от жаққан жерімізді, |
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!,
Достықпен дүниені табындырдың
«Киелі» кең далаңа ел қондырдың.
Нұрсұлтан жасай берген бейбіт жолы,
Әлемге қазақ елін таныстырдың.
1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 1991 жылдың 1-ші желтоқ санда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.
Елбасымменен бүгін мақтанамын, Өзіңді әлемге айтып шаттанамын. Қазағым жетті бүгін арманына, Елбасым, кемеңгерім, атқан таңым.
Өзіңсің шуағы да нұрлы күннің, Жылытып мына әлемді гүлдендірдің, Төрткөл дүние әлемін сілкіндіріп, Елімнің шығардыңыз биік үнін.
1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
Елбасым, ер жүректі, ер мінезді, Елімді айналдырған гүл күмбезге, Өзіңдей тұңғыш қазақ Елбасшысы, Жарқыраған қазағымның күні емес пе?
Қазағымның жарқыратқан маңдайын, Атсын таңдар күлімдеп сізге әрдайым, Қақтырған талай дүниенің таңдайын. Мен мақтанам Елбасыммен әрдайым.
Трионың орындауында «Сәлем саған ,туған ел» әні 1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіз дігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанын да жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сай ланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуел сіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жа риялады. “Нұр”-жарық,”Сұлтан”-басшы ел білгенге, Ежелден қамқор болған тілегенге . Жаңартып ата саптын - елін ойлап , Өмірді жалғастырды күйзелгенге .
Өмір шамың қайта жанды сөнгенде,
Нұрсұлтаным Президент боп келгенде.
Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,
Дауыс берген сайлау күні бар пенде.
Сансыз бұлақ ағып жатты бұлқынып,
Таңым атты шұғыладан нұр құйып.
Шетте жүрген бауырларым бас қосып
Егеменді “Қазақ”-деген ел болып.
Шығыс биі
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республика сының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды
Өзіңмен қазағымның бағы ашылды.
Туғызған ел едік қой сан асылды.
Елорданы Астанаға ауыстырып,
Аты қандай бүгінгі жарасымды
Бүгінгі Астананың нұры қандай
Өгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
Ән «Елге сәлем» Амангелді Медина
Мен Елбасыммен мақтанамын.Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жетер еш елде президент жоқ -деп айта ала мын. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем ал- дында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол қазақстан дық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 23 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыз дың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Алда көптеген мақсат тар, атқарылатын істер бар. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра ала мыз . Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. Жастар – Елбасының тірегі, Елбасы – елдің тілегі! «Төбесіз жер, төресіз ел болмайды». Бағзыдан бүгінге жеткен бұл өсиет тектен-текке айтылмаса керек. Кешегі тар жол, тайғақ кезеңде, егемендіктің елең-алаң шақтарында еліміздің еңсесін көтеріп, кеткен есемізді қайтарып, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, нұрлы болашаққа жетелеген, сан ғасырлар бойғы бабалар арманын баянды еткен, айналдырған 12 жылда Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз! күй «Ақ желең»Базархан Нұрдәулет.
Тәубешіл халқымыз алдағы күндерге сенгенімен бүгінгідей бақуатты өмірді көз алдына елестете алмайтын еді.ТМД елдерінің ішінде тез ес жиған, экономикалық қуаты еселенген, тамырын тереңге тартқан алып бәйтеректеймығымдала түскен мемлекеттердің бірі Қазақстан болды.
Мединаның орындауында «Тауыз»биі
Біздің жан-жақты білім алып,тәуелсіз елдің тәрбиелі ,білімді ұрпағы болу үшін барлық жағдай жасалған,Бақытты елде бақытты өмір кешіп,алаңсыз өмір сүріп жатқанымыз-біздің елге берілген сабырлық пен қанағатымыздың сыбағасы.Еліміз елбасымызбен жайна,өніп,өсе берсін!
Атан артқан ауыр жүк мойныңызға артылды
Түсінген жан едіңіз дәстүр менен салтымды
Бір Аллаһ өзі жар болсын,қолдасын әркез өзіңді
Бастай бер алға,бастай бер, алаш халқыңды!
Трионың орындауыда «Балалық»әні.
Мен де бүгін елбасыммен мақтанамын
дейді 1-сынып оқушысы Сағат Расул
«Мен бүгін елбасыммен мақтанамын»
4 «А»,4 «Ә»сынып оқушылары мен сынып жетекшілері
М.Жетібаева және Қ.Д.Кенішбаеваның ұйымдастыруымен өткен тәрбие сағаты
1желтоқсан –Президент күні қарсаңында