Отрасли
Сообщества
Новость
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ
Білімді ұрпақ - қазақстандықтардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буын. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпақтары – жан-жақты білім алып, мамандық
Білімді ұрпақ - қазақстандықтардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буын. Бүгінгі тәуелсіз, бейбіт елдің ұрпақтары – жан-жақты білім алып, мамандық иесі атану мақсатында болашаққа жоспарлар құруда…
№52 мектеп-гимназиясында Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Cапарбаева Раушан Тәжібайқызының ұйымдастыруымен « Анам - ..., әкем - ... Мен кім боламын? » тақырыбы аясында 3 «Ә», 4 «Г» сыныбының оқушылары ғылыми жоба жазып қорғады. Мақсаты: шығармашылық жобаны жазу барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, өзінің болашағына деген ойларын жетілдіре білуге,іскерлікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Осы мақсатпен 3 «Ә» сыныбынан:
- Мейрамбек Сағыныш
- Каримов Амир
- Кешубай Шырын
4 «Г» сыныбынан:
- Нурмуханова Сая
- Тасболат Галина
- Жумабаев Мерей қатысты.
Шығармашылық жоба - әр оқушының орындайтын өзіндік жұмысы.Әрине жасалатын жобаның сапасы оқушының біліктілігіне, жазатын жобаны зерттеуіне, материалды қалай меңгергеніне тікелей байланысты. Жобаны жақсы деңгейде жазып,белсене қатысқаны үшін – Мейрамбек Сағыныш, Каримов Амир, Кешубай Шырын марапатталды.
Егеменді елдің ертеңі – келешек ұрпақ қол жеткізген табыстар мен жетістіктер тек қана оқушылардың ғана емес,мектептің жетісітігі деп санаймыз.
3ә сынып жетекшісі : Г.Калмурзина