Отрасли
Сообщества
Новость
XXI ғасыр көшбасшысы
№ 64 мектеп-лицейде 8-сынып оқушыларына арналған апталық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны басталды. 28 қараша күні өткен алғашқы апталық ойынға қатарлас 8-сыныптардан білімге құмар 7 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
№ 64 мектеп-лицейде 8-сынып оқушыларына арналған апталық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны басталды. 28 қараша күні өткен алғашқы апталық ойынға қатарлас 8-сыныптардан білімге құмар 7 оқушы қатысып, бақтарын сынады.
Сайыстың мақсаты – дарынды және қабілетті оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға бағытталған.
Ойынға қатысушылардан қазақ халқының ұлы тұлғалары, мәдениеті, әдебиеті, ұлттық ойындары, тарихы және математика мен жаратылыстану ғылымдары туралы білімдерін жан-жақты көрсете білуі, ой ұшқырлығы мен жылдамдық, тапқырлық қасиеттер талап етілді. Ойыншылар өздерінің бар білімдерін пайдаланып, 3 кезеңде сайысты. Бірінші, екінші кезеңде жоғары ұпай жиған 3 оқушы үшінші «Дода» кезеңіне өтіп, сайысты жалғастырды.
Математика, физика, география, Қазақстан тарихы пәндерінен алынған тақырыптар бойынша сынға түскен ойыншылардың қызу бәсекесінде 8 «В» сынып оқушысы Бекжан Ғасыр – апталық ойын жеңімпазы атанып, келесі айлық ойынға жолдама алды. Ойынға қатысқан 8-сынып оқушыларына қызықты ойын көрсеткені үшін рақмет айта отырып, жеңімпаз оқушымызды Жеңісімен құттықтаймыз! Айлық ойында да сәттілік тілейміз.
Бірінші апталық ойынымызды мемлекеттік мереке – Президент күніне арнаймыз.