Отрасли
Сообщества
Новость
«Жас мамандар» қалалық онкүндік
24-ші қарашада колледжде «Ғылымдағы білім алушылар. Білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту жолдары» атты қалалық Педагогикалық кеңес өтті. Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Н.Исина келген жас мамандармен сәлемдесіп бүгінгі педагогикалық кеңестің мақсаттарымен таныстырды.
Директордың ОӘЖ орынбасары С.Е. Хасенова оқытушыларды бағдарламамен таныстырып және «Білім алушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту жолдары» тақырыбында баяндама оқыды.
Хасенова А.Б. дебатты бастамас бұрын дебаттың шығу тарихы мен дебатты дайындау және өткізу технологиясын таныстырып өтті. Кейіннен «Қазақстандық студенттердің шетелде білім алуы елге пайда әкеле ме?» тақырыбында дебат ойыны өтті.

Касенова Г.С. «Әр адам ас дайындай алады» атты сайыс өткізді. Сайысқа 3 білім алушы қатысты, 4 кезеңнен тұрды. Студенттер берілген тапсырма бойынша қалай істегені жөнінде мәлімет беріп, балл жинады. Сол арқылы «Жақсы аспазшы», «Сүйкімді аспазшы», «Тәп-тәтті аспазшы» номинацияларымен марапатталды.
Тусенова С.С. жобалау технологиясының шығу тарихы мен қолдану аясында мәліметтер берді, жас мамандарды 2 топқа бөліп, «Жобалау технологиясы –ХХІ ғасырдың озық технологиясы» тақырыбында тәжірибелік жұмыс жасады.
Бейсембина Р.Н. «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында мәлімет беріп, студенттердің үйірме жұмысын ұйымдастыру жолдарын көрсетіп, тәжірибесімен бөлісті.
Іс шаралардың соңында барлық оқытушылар акт залына жиналды. Хасенова С.Е. жас мамандарға арналған креативтілік тренинг өткізіп, оның барысында тапсырмалардың бірнеше түрлерімен таныстырып, қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Бағдарламаның соңында жас мамандар өз ойларымен бөлісті және тілектерін білдірді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті.