Отрасли
Сообщества
Новость
«Көшбасшы- 2014» байқауы өтті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл сайысқа бағын сынау үшін 70-тен аса оқушы ұсыныс білдірген. Солардың ішінен тест сұрақтары мен эссе жазу конкурсы бойынша іріктеліп шыққан 15 талапкер ақтық кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Аталған іс-шараға білім және ғылым саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Алғашқы сөз кезегін алған Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаева: «Еліміздің ертеңі кемелді, болашағы өрелі болу үшін әр оқушының интеллектуал болуы қажет. Елбасы Жолдауын насихаттау үшін өткізіліп отырған шараның оқушыларға берері көп деп есептейміз» деген пікірі арқылы қатысушыларды жігерлендірді. Төрт турдан тұратын білім бәсекесінде әр оқушы өзінің ой ұшқырлығы мен ақыл тереңдігін танытты.
Осы сайысқа Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының 10 А сынып оқушысы Арынов Қажымұқан қатысып, «Алғыр» номинациясымен марапатталып, мектеп мәртебесін биіктен көрсетті.