Отрасли
Сообщества
Новость
"Тұңғыш Президент күні" мерекесі
Мектебімізде "Тұңғыш президент күні" мерекесі кең көлемде аталып өтілуде.
Мереке аясында "Денсаулық - зор байлық тақырыбында 7-9 сынып оқушылары арасында үздік сергіту сәті өткізілді.
Сондай-ақ, 5-8 сынып оқушылары арасында ұлттық ойын түрлері: арқан тартыс пен асық атудан жарыстар ұйымдастырылды. Арқан тартыста І орынды 6 "А" сыныбы, ІІ орынды 6 "В" сыныбы, ІІІ орынды 5 "А" сыныбының оқушылары жеңіп алса, асық атудан І орынды 8 "В" сыныбы, ІІ орынды 7 "А" сыныбы, ІІІ орынды 6 "А" сыныбының оқушылары иемденді.
2-24 қараша аралығында 5 сыныптар арасында "Бақытым да байлығым да - денсаулық" атты плакаттар, 6 сыныптар арасында бүктемелер байқауы өтті.
"Тұңғыш Президент күніне" арналған іс-шаралар спорттық сайыстармен жалғасын тапты. Баскетбол мен волейболдан қыздар және ер балалар арасында жарыстар ұйымдастырылып, жүлделі орын иегерлері марапатталды.
25 қараша күні 8 сыныптар арасында рефераттар байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша, І орынды 8 "Б" сыныбының оқушысы Асан Балжан, ІІ орынды 8 "Ә" сынып оқушысы Мұхтарова Дана және 8 "В" сынып оқушысы Кәрбек Азамат, ІІІ орынды 8 "А" сынып оқушылары Адетхан Рая мен Абуталипова Аида және 8 "Б" сынып оқушысы Калиденова Перизат иеленді.
"Елбасы туралы 1000 сұрақ" атты зияткерлік сайыста І орынға 6 "Ә" сыныбы, ІІ орынға 6 "А" сыныбы, ІІІ орынға 6 "В" сыныбы лайық деп танылды.
25 қараша күні 10-11 сыныптардың ұйымдастыруымен "Нұрсұлтан - ел тірегі, ел намысы" атты конференция өткізілді.
Мерекені 7-9 сыныптардың "Егемен елдің кемеңгер басшысы" тақырыбына ұйымдастырылған әдеби-сазды кеш аяқтады.