Отрасли
Сообщества
Новость
«Елін сүйген – ер аға»
«Елін сүйген – ер аға» атты белгілі ақындар мен оқушылардың өздері шығарған өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы
№53 мектеп-лицейде 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасына арналған «Елін сүйген – ер аға» атты белгілі ақындар мен оқушылардың өздері шығарған өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы ұйымдастырып өткізді. Сайысқа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Сайысты өткізуде жас ұрпаққа Отанымыздың еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін жырға қосып, шығармашылыққа баулу мақсат етілді.
№53 мектеп-лицейде 29 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасына арналған «Елін сүйген – ер аға» атты белгілі ақындар мен оқушылардың өздері шығарған өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәрсембаева Жұмаш Төлекенқызы ұйымдастырып өткізді. Сайысқа мектептің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Сайысты өткізуде жас ұрпаққа Отанымыздың еңсесін тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін жырға қосып, шығармашылыққа баулу мақсат етілді. Сайыс екі номинация бойынша өтті: «Үздік мәнерлеп оқушы» және «Жас қаламгер». Сайысқа қатысқан оқушылардың марапатталуы: Мәнерлеп оқудан: І орынды Әділхан Қ. (10 «а»), ІІ орынды Дүйсенбаев Қ . (9 «б») иеленді. Ал жас талап ақынжанды оқушылардан І орынды Әлиева Э. (11 «б»), ІІ орынды Мұқанова Ақерке (10 «ә»), ІІІ орынды Тұрсынбаева Г. (9 «б») сынды оқушылар жеңіп алды. Сонымен қоса М.Оралбай, Ж.Тұран, П.Оралбек, Б.Майданова сынды ақынжанды оқушыларға да «Талаптарыңа нұр жаусын!» деген тілек білдіреміз. Ертеңге үкілі үмітпен қарайтын жасөспірім жастарымыздың шабыттары шыңдала берсін!