Отрасли
Сообщества
Новость
«Елбасым - мақтанышым» - 02.12.2014 жыл
№ 19 «Балбөбек» балабақшасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар барлық топтарда өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне және еңбек жасына топтар арнайы бұрыштар және жылжымалы папкалармен безендірілген. Балалар Президентінің ең үлкен жетістігі бас қала Астана туралы қызыға әңгімелесті.
№ 19 «Балбөбек» балабақшасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар барлық топтарда өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне және еңбек жасына топтар арнайы бұрыштар және жылжымалы папкалармен безендірілген. Балалар Президентінің ең үлкен жетістігі бас қала Астана туралы қызыға әңгімелесті. Балалар Қазақстан Республикасының жолын Тәуелсіздік алынған уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейінгі жағдайын слайд бойынша тамашалады.
Оқу іс-әрекеттерінде балалар Тұңғыш Президент туралы тақпақтарды айтып көңілдерін көтерді. Даярлық топтың балалармен өткізген іс-шара ерекше қызықты өтті. Бұл іс-шарада этнопедагогиканың элементтерін әуенмен қозғалып, спорттық жаттығуларды жасап жүрді. Балалар Қазақстан Республикасына мемлекеттік рәміздеріне және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметтерін көрсетті.
Қазан айында балабақшада «Алтын күз» атты ертеңгіліктер өтті. Балалар жомарт күз туралы тақпақ, ән айтып, ойын ойнады.
Ортаңғы «Бәйтерек» тобының қыз балалары жапырақтармен би билеу үстінде....
Ортаңғы ұл балалардың орындауында «Жаңбыр» биі
Ересек топ қыздары «Кемпірқосақ» атты би билеу үстінде....
«Кім тез картоп жинайды?» ойынын қызыға ойнап жатыр
Ұлдар мен қыздар қосылып, «Самбо» биін орындауда...
Балабақшада ата-аналармен бірлесіп, «Алтын күз» мерекесіне орай, «Күз ғажайып кезең» атты көрме ұйымдастырылды. Осы көрмеге балалар ата-аналарымен бірге көкөніс пен жемістерден әртүрлі композицияларды өз қолдарымен жасап ұсынды.
27.11.2014 жылы балабақшада «Ұлттық этнопедагогика элементтерін оқу іс-әрекетінде қолдану арқылы балалардың ой-өрісін тереңдету» тақырыбында № 2 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес іскерлік ойын түрінде өткізілді. Топ тәрбиешілері өзара мақал-мәтелдер айтып, жұмбақ жасырып, нақыл сөздерді, тыйым сөздерді айтып жарысты және сұрақтарға жауап беріп кроссворд шешті.
Топ тәрбиешілері ата-аналармен ұйымдасып жасаған ұлттық бұйымдарды таныстырып өтті. Олардың неден жасалғанын түсіндірді.
Іскерлік ойын барысында педагогтар әртүрлі құралдарды қолданып, ұлттық қазақ қызыныің бейнесін өз қолдарымен жасап шықты.