Отрасли
Сообщества
Новость
Ата-аналарға психологиялық көмек
Мектебімізде 6 желтоқсан күні «5, 6, 7 сыныптарында оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық тақырыптық ата-аналар конференциясы Білім басқармасының әдіскері Нұғман Ақмоншақ Нұртазақызы, Сарыарқа аудандық филиалы «Нұр Отан» партиясының мүшесі, №2 қалалық емхананың бас дәрігері Руспекова Ләззат Асығатқызы және Отбасылық Тәрбиелеу Интитутының педагог-психологі Дүйсенбаева Жанар Құдабайқызының қатысуымен өткізілді. Конференцияда баяндама тыңдалып, Отбасылық Тәрбиелеу Интитуты дайындаған ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы бейнебаяндар көрсетіліп, сауалнамалар мен кітапшалар таратылды. Ата-аналар тарапынан сауалнама бойынша бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойылып, Отбасылық Тәрбиелеу Интитутының педагог-психологі Дүйсенбаева Жанар Құдабайқызы барлық сұрақтарға толық жауап берді.Конференция соңында мектеп директоры Шәріпхан Қажытайұлы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп түйіндей келе, отбасылық тәрбие идеялары қазақтың ұлттық педагогикасында ғасырлар бойы қалыптасқан өмірлік тәжірибе негізінде пайда болды. Олар ғасырдан ғасырға, отбасыдан отбасыға ұлттық әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер арқылы жететіндігін баса айтты.
Ұйымдастырушы-педагог
Оразбай Тұрғанай Нұрқасымқызы