Отрасли
Сообщества
Новость
5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек
«5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Республикалық конференцияның өтілуі туралы анықтама
2014 жылдың 6 қарашасында Астана қаласының Білім басқармасы мен Отбасылық Тәрбиелеу Институтымен (Астана қаласы) бірлесе отырып «5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек» атты Республикалық конференция өтті. Конференцияға мектебіміздің басшысы К.С.Дүйсенова ашып берді және Астана қаласының Білім басқармасынан А.А.Аманкелдиева қонағымыз болды, ал осы жиналысты Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, психолог М.С.Демеуова жүргізді. Конференция барысында ата-аналарға жеткіншектік өтпелі кезеңде бала бойында болатын физиологиялық және психологиялық өзгерістер туралы сөз қозғалды. Баланың өтпелі кезеңінде ата-ана тарапынан көрсетілетін қолдауы мен көмектің маңыздылығы жөнінде айтыла отырып, ата-аналарға психологияллық кеңестер айтылды. Сонымен қатар ата-ана бала тәрбиелеу барысында сақтайтын кейбір ережелер туралы айтылды. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу өз қолымызда болғандықтан ата-аналарға қызықты бейне көріністер көрсетіліп, мағынасы түсіндіре кетті. Жиналыс барысында ата-аналарға арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, сауалнамалар толтырылды.