Отрасли
Сообщества
Новость
Астана қаласы № 58 мектеп- гимназиясында «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында прақтикалық семинар
Астана қаласы № 58 мектеп- гимназиясында «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында прақтикалық семинар өтті.
014 жылдың 29- қараша күні №58 мектеп- гимназиясында жоспар бойынша «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында прақтикалық семинар өтті.
Семинар мақсаты: Астана қаласы мектептер арасында кәсіби қоғамдастықты дамыту арқылы өзара тәжірибе алмасу және қолдау көрсету.
Семинарға «Самғау- Астана» қоғамдастығының мұғалімдері /31 мұғалім/ мен «Өрлеу» БАҰО-ның кураторы Ақерке Алданышқызы қатысты. Семинарда негізгі пәндер бойынша 8 сабақ және 2 коучинг жоспарланып, өткізілді. Cеминарды мектеп директоры Алма Қаирбулатқызы құттықтау сөзімен ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинарға қатысушыларға «Самғау- Астана» қоғамдастығының №40 мектеп координаторы Байтабенова .А. С өз алғы сөзін айта келе, жылы лебізін білдірді.
Пән мұғалімдері өз сабақтарын оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді және сын тұрғысынан ойлау стратегияларын кіріктіре жоспарлап, сәтті сабақтар өткізді. Атап айтсақ 2 «Г» сыныбындағы әдебиеттік оқу сабағында «Қыс» тақырыбы бойынша өткізілген сабақта «Тұжырым», «Сұқ саусақ» /пән мұғалімі Нукенова Б. Н/, 8 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен «Өлең- сөздің патшасы» тақырыбында өткен сабақта «Шапалақ», «Сұқ саусақ», «Кубизм», «Үзбей жазу», «Автор орындығы» /пән мұалімі Жұмағалиева Ж. Е./, 8 «Б» сыныбында биология пәнінен өткен «Тірек- қимыл жүйесі» тақырыбындағы сабақта «Атаулар туралы үш сұрақ», «Тізбектей жазу», «Әңгімелесуші серіктес», /пән мұғалімі Хурмет Г./, 6 «А» сыныбында математика сабағында «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбындағы бекіту сабағында «Ойнап тұрып ойлану», «Аукцион», «Біреуі үйде, қалғаны қонақта», «Ассоциация»,/ Шаммухаметова Н. Г/ , 8 «Ә» сыныбында қазақ тілі пәнініен «Сөйлем мүшелерін қайталау» бекіту сабағында «РАФТ», «Ойлаудың 6 қалпақшасы» / пән мұғалімі Курмашева М. А./ сияқты СТО стратегияларын қолданды. 4 «В», 3 «Ә», 4 «Ә» сыныптағы жоспарланған сабақтар ауа райының қолайсыздығына байланыста оқушылар сабаққа келмегендіктен өткізілмеді.
Екінші деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер Досжанова Л. және тәлім алушы Көбенова М. Д. «Көшбасшылық –құнды қасиет» тақырыбындағы коучингте «Кубизм» әдісін қолданса, Онор А., Накупов А. А. «Т» /дебат, пікір талас/ кестесі «Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын тәрбие сағаттарында қолдану» тақырыбы бойынша коучингтерде көрсетті.
Семинар соңында І деңгей меңгерген математика пәнінің мұғалімі рефлексияда ұсынған «Мадақтау сэндвичі» әдісі бойынша қатысушы мұғалімдер өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
Әр сабақ барысында қатысушыларға кері байланыс парақшалары таратылды. Кері байланыс қорытындысы бойынша өткізілген сабақтарды 78 % қатысушы «өте жақсы» деп, 22 %-ы «жақсы» деп бағалаған. Коучингтерді 56 % «өте жақсы» деп бағаласы, 44 %-ы «жақсы» деп бағалаған.
Айтылған пікірлер:
- Оқушылар топтық жұмысқа жақсы дағдыланған;
- Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалана алды.
- Жұмыстар жүйелі жолға қойылған..
Ұсыныстар:
- Сабақта ОҮБ –ды жетілдіру.
- АКТ-ны пайдалану
- Сабақта уақытты үнемдеу.