Отрасли
Сообщества
Новость
«Біз СПИД-ке жоқ дейміз!» акция қорытындысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді көзқарастарды болдырмау АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру. Дертті жұқтырып алған адамдарға медициналық жәрдем беру АИТВ/ЖИТС жұқтырғандарға психологиялық - әлеуметтік және моральдік көмектің көрсетілуіне ықпал жасау АИТВ/ЖИТС проблемасына халықаралық, отандық, үкіметтік емес мекемелерді тарату, конвенциялармен, демеушілермен бірігіп жұмыс жасау. Мектебіміздің 8-11 сыныптар «Денсаулық – зор байлық», «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі», «Бізі салауатты өмір салтын қолдаймыз»,- деп ұрандатты.
Жоғары сынып кеңесі - бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы. (СПИД) ЖҚТБ-ны жұқтыру жолдарын айтып өтті. Сыныптар «СПИД-ке жол ЖОҚ!» тақырыбында қабырға газеттерін шығарды. Жоғары сыныптардың дайындаған материалдары тақырыпқа сай және ой қозғай алды. Оқушылар қатерлі дерттен қалай қорғану керектігі жөнінде ақпапраттар айтып, шағын қойылым ойнады. Әр сынып өздерінің қабырға газеттерін қорғады. Қабырға газеттердің ішінен ең үздік деп танылған 10 «А», 9 «Ә» сыныбы.
Жоғары сынып кеңесі: Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық –деп ұран тастады.