Отрасли
Сообщества
Новость
«Функционалдық сауаттылық: бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары»
Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде 10 желтоқсан күні «Функционалдық сауаттылық : бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Абдикеримова Н.С. және Жусупова О.Қ. ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Астана қаласы №48 мектеп-лицейінде 10 желтоқсан күні «Функционалдық сауаттылық : бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Абдикеримова Н.С. және Жусупова О.Қ. ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті. Семинарға Астана қаласы білім басқармасының бастауыш сынып әдіскері Ақмоншақ Нұғман және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинардың теориялық бөлімінде филология ғылымының магистірі ҚазОА атқарушы директоры Сапаргул Мирсеитова «Оқуға үйрену: үйрену үшін оқу» тақырыбында тренинг өткізді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде 4 «Д» сыныбында дүниетанудан «Ауа райы. Ауа райын болжау және оның мәні» тақырыбында Айсұлу Кажуева , 4 «А» сыныбында әдебиеттік оқудан «Сыбызғышы» ертегісін Маржан Аубакирова , әдебиеттік оқудан «Мейірім» мәтінін Үкіжан Қабыкеева сыни ойлау философиясы бойынша жоғары дәрежедегі сабақтар өткізді. RWCT жобасының халықаралық дәрежедегі әдіскері Алтын Момынқұлованың «Отбасылық сауаттылық» жобасы негізінде 3 «Г» сыныбында Салима Мұсабаева ата-аналар мен балалардың бірлескен оқырман клубының «Менің сүйікті кітабым» атты сыныптан тыс жұмысын көрсетті
Қала көлемінде өткен семинардың ой толғанысын мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі-жөніндегі орынбасары , Астана қаласы «Сыни ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігінің директоры Назым Төкебаева жасады.
Осы семинардың нәтижесінде қатысушылар бастауыш сынып оқушыларының оқу, жазу сауаттылығын дамыту , мәтін мен жұмыс жүргізу, оқырмандық мәдениетті дамыту жолдары мен әдістерін үйрене алды.