Отрасли
Сообщества
Новость
«Тәуелсіздікті жырлаймын»
2014 жылы 12 желтоқсан күні «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне» орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абденова Татьяна Каировнаның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриотизм – отанға деген махаббат, оған адал қызмет етіп, оны қорғау сынды ұлы сезім. Патриоттық әндер әрдайым еліміздің тарихына негізделген. Ол әндерде халқымыздың, еліміздің тарихы бейнеленген.
2014 жылы 12 желтоқсан күні «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне» орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абденова Татьяна Каировнаның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты – өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриотизм – отанға деген махаббат, оған адал қызмет етіп, оны қорғау сынды ұлы сезім. Патриоттық әндер әрдайым еліміздің тарихына негізделген. Ол әндерде халқымыздың, еліміздің тарихы бейнеленген. Байқауға 5-8 сынып оқушыларының талантты өнерпаздары, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелері қатысты. Байқаудың талаптары бойынша қатысушылар Отан, ел, туған жер, Қазақстан тақырыбында қазақ композиторларының туындысын жанды дауыста орындауы керек болатын. Барлық сайыскерлер байқауға үлкен жауапкершілікпен қатысты. Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Бас жүлдеге» - 8 «Д» сынып оқушылары ие болды,
І орынды – 8 «Г» сынып оқушылары еншіледі;
ІІ орынды – 7 «Ә» және 6 «Д» сынып оқушылары;
ІІІ орынды – 6 «Б» және 6 «Ә» сынып оқушылары өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан оқушылардың бірде-бірі дипломсыз қалмады. Мектепішілік «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты патриоттық әндер байқауына қатысқаны үшін 5 «А», 5 «Е», 5 «Д», 6 «А», 6 «К», 7 «А», 7 «Б», 7 «Д», 8 «Ж» сыныптары Алғыс хатпен марапатталды.