Отрасли
Сообщества
Новость
«Тәуелсіздік – тұғырым!» атты шығарма жазудан байқау
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 2-ші қазақ және орыс тілді сыныптары арасында «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты шығарма жазудан байқау өтті.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай
2-ші қазақ және орыс тілді сыныптары арасында «Тәуелсіздік – тұғырым!»
атты шығарма жазудан байқау өтті.
9-желтоқсан күні №65 мектеп-гимназиясында 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 2-сынып оқушылары арасында педагог-ұйымдастырушы А.Сатылгановтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым!» атты шығарма жазудан байқау өткізілді. Оған 2-сынып оқушыларынан өз ойын қағаз бетіне еркін түсіре білетін, тәуелсіздік деген қасиетті ұғым туралы түсінігі айқын жас дарын иелері қатысты. Байқау ережесі бойынша оқушылар «туған жер», «Отан», «Тәуелсіздік» тақырыбында шығарма жазды. Тәуелсіздік тақырыбын барынша кең көлемде қамтып, өз ойын еркін, әрі ашық жеткізген, ең үздік деп табылған шығармаларға орындар берілді. Атап айтқанда 2-ші қазақ сыныптары бойынша 1-ші орынға 2 «з» сынып оқушысы Әділхан Шаһарбану лайық деп табылса, 2-ші орынды 2 «ж» сынып оқушысы Тұрман Ақбота иемденді, 3-ші орынды 2 «ж» сынып оқушысы Қайырбек Ырысбек иеленді. Сол секілді 2-ші орыс сыныптары бойынша 1-ші орынды Насырова Амина иеленді, 2-ші орынға Сүйінтай Диана лайық деп танылды, 3-ші орынды Рашит Лұқпан місе тұтты.
Болашақ жастардың қолында. Сондықтан да қазіргі жас буын өз елінің ертеңі туралы, тәуелсіздік туралы өз ойын айтуы ол – жастардың ой-санасының сергектігінің, оянғандығының белгісі. Елін сүйген Елбасының да арманы осы. Ата-бабаларымыздың да тілегі осы – тәуелсіздік еді. Бүгін біз сол арманды, сол асқақ рухымызды жырлаудамыз.