Отрасли
Сообщества
Новость
«Нашақорлық, шылым шегу, маскүнемдіктің алдын-алу шаралары» атты наркология дәрігерінің дәрісі
8-желтоқсанда №6 гимназияда 8-сынып оқушылары үшін І.Жансүгіров атындағы медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының нарколог дәрігері Қойшибеков Тоқтар Толеуханұлы «Нашақорлық, шылым шегу, маскүнемдіктің алдын-алу шаралары» атты тақырыпта дәріс оқыды
8-желтоқсанда №6 гимназияда 8-сынып оқушылары үшін І.Жансүгіров атындағы медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының нарколог дәрігері Қойшибеков Тоқтар Толеуханұлы «Нашақорлық, шылым шегу, маскүнемдіктің алдын-алу шаралары» атты тақырыпта дәріс оқыды. Тоқтар Төлеуханұлы балаларға шылым шегудің зиянды жақтары мен маскүнемдіктің ауыр салдары жөнінде айтып берді. Еліткіш заттарды қолдану салдарынан күніне, айына, жылына қанша адам көз жұматыны туралы статистикалық мәліметтерден де хабардар етті. Балалардың жанын түршіктіретін тұсаукесер көрсетті.Іс-шара соңында балалар сұрақтар қойып, сұрақтарына толық жауаптар алды.