Отрасли
Сообщества
Новость
«Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
Қазақстандық отбасылардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, отбасы проблемаларына назар аудару – мемлекеттік басым бағыттардың бірі, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі!
Қазақстандық отбасылардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, отбасы проблемаларына назар аудару – мемлекеттік басым бағыттардың бірі, біздің мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі!
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында 6 желтоқсан күні сағат 10.00-де мектебіміздеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының тапсырысы бойынша 5-6-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында республикалық конференциясы өтілді.
«Нұр Отан» партиясының атынан ата-аналар жиналысына «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа ауданы саяси кеңес мүшесі Құттыбаев Ұлан Сансызбайұлы қатысып, жиналысқа қатысушы ата-аналарға құттықтау лебізін білдірді.Отбасылық тәрбие саласындағы мемлекеттік біліктілікті арттыру бағдарламасының түлегі психолог Жунусова Назым Зиядаевна ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты кеңестер берді. Отбасылық тәрбие жөнінде бейнероликтер көрсетілді, ата-аналар сауалнама толтырды. Жиналыс соңында ата-аналарға жаднама таратылды.