Отрасли
Сообщества
Новость
Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі.
Баяндама
Тақырыбы: «Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі»
№ 24 орта мектеп
Оқыған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңабек Д.Ә Турмаханова Г.Р
Тақырыбы: «Шығармашылық-нәтижелі оқыту негізі»Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналды. Сондықтан да әлемдік қауымдастықты айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептің функционалдық басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеріп, олардың бойында тұлға аралық және этникалық топ аралық қатынастар мәдениетін, жеке тұлғаның өзін-өзі айқындау және кәсіптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділіктерін дамыту. Себебі, білімді жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады. Ендеше өскелең ұрпақ мұғалім берген білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай белсенді, зерделі танымды іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-ші бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алуы үшін қажетті жағдайлар жасау. Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру» делінген. Яғни, барша ұстаз қауымына XXI ғасыр талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік жүктелгені анық. Расында да, қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға мұқтаж. Жалпы білім беретін мектептердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп жағдайда дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа ақпараттар іздестіруге, оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге талпындырмайды. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - баланың білім игеруі кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды. Оқушының таным белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан-жақты, білімді, өз ісінің шебері болуы қажет» деп атап көрсетеді. Ал А.Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді. Демек, бүгінгі таңда мына ақпараттар ағыны тасыған қоғамда жас ұрпаққа «Нені оқыту? Қалай оқыту керек?» деген мәселелер тұр. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» стратегиясының даму бағдарламасында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген сөзін ұстаз қауымына нақты айтылған аманат деп түсіну керек. Бұл орайда ұлтымыздың рухани жарық жұлдызы М.Жұмабаевтың «Қазақтың тағдыры да, келешек ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік, жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.» деген даналық өсиетінің мәні қазіргі жаһандану кезінде Қазақстан мемлекеті үшін орасан зор. Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интеллектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие-білім жүйесін іске қосу — бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі. Шығармашыл тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне прогресивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық-шығармашылық белсенділік тән-тұлға. Бүгінгі психология, қызығушылық туыла біткен сапа емес, ол тұлғаның қалыптастыру нәтижесі болып саналып, қоршаған ортамен, әсіресе, тәрбие және оқыту процесімен айқындалады деп есептейді. «Адамның әрбір даму сатысындағы психологиялық функциялары жүйесіз, автоматты, кездейсоқ түрде емес, ол тұлға бойындағы белгілі бір қызығушылықтарға, белгілі бір бағытқа бағыттап, белгілі бір жүйе арқылы әсер етеді», - деп жазды Л.С.Выготский. Шығармашылық - бұл ішкі дүниедегі толассыз өзгерісті және ондағы пайда болған жаңа мазмұнды үнемі түйсіну. Бұл жерде ақпараттың келіп түсуіне деген сұранымға адам сыртқы дүниеден түсетін ақпаратты ғана қажет етпейді, сондай-ақ ішкі дүниеден жаңаны шығаруы жатады. Шығармашылықпен айналысатын адам шығармашылықпен айналыспайтын адамнан өзінің ішкі дүниесіндегі жаңалыққа қызығушылығы - ішкі дүниесіндегі бейнелер, ойлармен ерекшеленеді. Сонымен қызығушылық сұраным мен эмоцияға тығыз байланысқан тұлға бағыттылығының өздігінше көрінуі ретінде қарастырылады. А.Г.Ковалевтің берген анықтамасы бойынша «қызығушылық - бұл эмоционалдық тартымдылығында көрінетін тұлғаның нысанаға деген таңдап алған қарым-қатынасы». Шығармашылыққа деген қызығушылықтарды қалыптастыру үшін, олардың үш типологиялық айырмашылықтарын білу қажет. Қызығушылықтың дамуы үш сатыдан тұрады. Олар: әуестік, құмарлық және таза қызығушылық. Әуестік - әдеттен тыс, таңқаларлық, күлкілі нәрселерге бала бойында уақытша байқалатын сырттай қызығушылық. Құмарлық - қызығушылықтың күрделі сатысы. Мұнда нысанамен (объектімен) тереңірек танысуға, бірқатар сұрақтарға жауап іздестіруге ынта-ықылас пайда болады. Құмарлық жеке тұлға бойына тұрақты бір қасиет болып орныққаннан кейін, әр түрлі салаларда көрініп, танымдық белсенділікті арттыруы мүмкін. Нағыз қызығушылық - бұл іс-әрекеттің бір немесе бірнеше бағытындағы тұлғаның танымға деген тұрақты ұмтылысы. Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Жалпы білім беру үрдісінде: - жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып, оқыту үрдісінде демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынасын қалыптастыру, сабақтағы оқушының шығармашылық ролін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту. Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде: - мәселені қарастыруда қырағылық, көрегенділікті; - ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығын; - әрекетті бағалай білуді қарастырады;
Адам әрекеті: - шығармашылықтардағы қарама-қайшылықтардың болуы; - әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы; - шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы; - шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы; - нәтиженің жаңалығы; Бұдан шығармашылық - қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар, соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті деген тұжырым жасалады. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке - оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар алуы жатады. Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар -жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қабілет қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын, ұжымдық, шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Сонымен қатар, шығармашылыққа үйрету интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Оның басты шарты - аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады. Оқушылардың шығармашылық дербестігін, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми - шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың таңдауы, қалауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен іздемпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.
Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады. - шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескеру; - шығармашылық тапсырмалар түрлі деңгейде болуы; - кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі; - білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы; - тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай өзгеруі; - оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек. Оқушының шығармашылық дербестігінің пайда болуы оның іс-әрекетінен айқын аңғарылады. Ең әуелі оқушының іс-әрекетке деген көзқарасы өзгеріп, танымдық белсенділігі арта түседі. Оқушының шығармашылық дербестігі қалыптасқанда баланың бүкіл болмысы жаңа сипатқа ие болады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, оқу материалының түсініктілігі, мазмұндылығы, оқытуды ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер, мұғалім мен оқушы арасындагы жылы қарым-қатынас оқушылардың шығармашылық дербестігінің қалыпатасуына үлкен септігін тигізді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Алтынсарин Ы. Тағлымы.- Алматы.: 1991 Ананьев Б.Г. Формирование одаренности.Склонности и способности-Ленинград.:1972.-268 б Бабанский Ю. Педагогика. - Москва: 1978,-317б Вготский Л.С.Воображение и творчество в детском возрасте.- Москва.:1991. Голуб В.А. Основы общей дидактики.- Москва: 1999,-95б Давыдов В.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1989.-365 б Ильина Т. Педагогика.- Алматы.: 1977.-484б
Коучинч тыңдармандары тақырыпқа байланысты сурет салу үстінде.
Коучинг ұйымдастырушылар кері байланысты талдау үстінде.