Отрасли
Сообщества
Новость
«Математика – барлық ғылымдардың патшасы»....
Мектебімізде 17-27 қараша аралығында «Математика, физика және информатика» бірлестігінің «Математика – барлық ғылымдардың патшасы» атты онкүндігі болып өтті.

Бұл онкүндік өте қызықты, тартысты, жарысты түрде ұйымдастырылды.Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, тәжірибе жұмыстары, конференциялар, кештер. Бірлестіктің онкүндіктің ашылу салатанаты керемет сахналық қойылым түрінде өтті.Қойылым барысында ғылымдар патшасы ,математикалық фигуралар қатысып, өз өнерлерін паш етті.
Онкүндікте «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Озық ойлы оқушы», «Үздік рефераттар» т.б түрлі қызықты байқаулар өткізілді. Оқушылардың қызығушылықтары артқаны соншалық бәсекелестік туындап,бір -бірлерінің білімдерін одан әрі шыңдай түсті.