Отрасли
Сообщества
Новость
Тарих апталығында балалар Тұңғыш Президент мұражайына экскурсияға барды.
Тұңғыш Президент мұражайына экскурсия
Тұңғыш Президент мұражайына экскурсия
2014 ж. желтоқсанның 8-13 аралығы тарих әдістемелік апталығы өтті. Апталықтың тақырыбы: «Көк тудың желбірегені...». апталық аясында мектеп қабырғасында түрлі сайыстар, шаралар өткен болатын. Соның бірі – Тұңғыш Президент мұражайына экскурсия. 12 желтоқсанда 5 «А» сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі Сергазина Г.Е. жетекшілігімен аталған мекемеге аяқ басты. Экскурсияны ұйымдастыру мақсаты: оқушыларды Елбасы өмір жолымен таныстыру, Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан тарихында алатын орнын көрсету.
Оқушылар осы экскурсияны асыға күтті және де оқушыларды мазалаған бір сұрақ болды: Президенттің өзі бола ма?
Мұражайдың табалдырығын аттап өткеннен бастап балалар бір қызықты әлемге қадам басқандай болды: барлық экспонаттарды қызыға қарап отырды және де экскурсоводтың айтқанының бәрін дәптерлеріне жазып отыруға тырысты.
Экскурсия аяқталған соң балалар алған әсерлерімен асыға бөлісе бастады: Әминаға Елбасының кішкентай зде түскен суреттері ұнады, Ердаулет Н.Ә.Назарбаевтың мектеп аттестатындағы бағаларын көріп таң қалды: «Бір ғана 4 болыпты ғой. Менде де орыс әдебиетінен 4. Қызық». Лейлаға, Айгүлімге Президентке ұсынған сыйлықтар, жеке жұмыс кабинетіндегі жабдықтауы ұнады. Ал Нұрдаулет «Алтын адам» экспонатын көріп қуанды: «Мен суретін тек кітаптарда көрген едім. Қандай керемет!».
Балалардың айтқан сөздерін, эмоцияларын көре отырып мен де қуандым, яғни балалар мұражайға жай келіп кетіп қалған жоқ, олар ой қорытты, Елбасының өмір жолы қандай болғанын көрді және бойларында бір мақтаныш сезімі пайда болды деп сенемін.
Тарих пәні мұғалімі: Сергазина Гулим Ермековна
«БЕКІТЕМІН»
№ 24 орта мектеп директоры:
Сүндетов Ғ.Н.____________
«Көк тудың желбірегені...» атты тарих апталығының жоспары
8-13 желтоқсан 2014- 2015 оқу жылы
Мақсаты:Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи - танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.
№ |
Тақырыбы |
Өтілу формасы |
Сынып |
Күні, уақыты, ауысым |
Жауапты мұғалім |
Өтілетін орны |
1 |
«Көк тудың желбірегені...» атты тарих апталығының салтанатты ашылуы |
Салтанатты жиналыс |
7-10 |
І ауысым |
Арғынбаев Ғ.Ж. Сергазина Г.Е. |
І қабат |
2 |
«Югославия. Болгария. Румыния» |
Ашық сабақ |
10 «Ә» |
І ауысым 5 сабақ |
Сергазина Г.Е. |
№ 26 |
3 |
«Ғылым мен білімнің дамуы» |
Ашық сабақ |
7 «А» |
І ауысым 2 сабақ |
Арғынбаев Ғ.Ж.
|
№ 26 |
4 |
«Қазақстан Халқы Ассамблеясы және Елбасы» |
Тәрбие сағаты |
9 «А» |
І ауысым 3 сабақ |
Сергазина Г.Е. |
№ 30 |
5 |
«Көшпелілердің баспанасы» |
Сыныптан тыс іс- шара |
6 «Ә» |
ІІ ауысым 2 сабақ |
Арғынбаев Ғ.Ж. |
№ 26 |
6 |
«Кочевое скотоводство» |
Открытый урок |
6 «В» |
12.12.2014 ж. І ауысым 1 сабақ |
Боридко А.М. |
№ 30 |
7 |
Тұңғыш Президент мұражайына экскурсия |
Сыныптан тыс іс-шара |
5 «А» |
Сағат 12:00 |
Сергазина Г.Е. |
мұражай |
8 |
«Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан!» |
Әдеби- сазды кеш |
5 -10 |
Сағат 15:00 |
Арғынбаев Ғ.Ж. Сергазина Г.Е. |
Акт залы |
9 |
Апталықтың қорытындысы |
Отырыс |
|
Сағат 13:00 |
Сагитова З.К. Арғынбаев Ғ.Ж. Сергазина Г.Е. |
№ 25 |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.К.Сагитова
ӘБ жетекшісі: Г.Е.Сергазина