Салалар
Талқылаулар
Новость
«Айбергенов әлемі»
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің онкүндігі аясында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сатекова А.Т. 5а сыныбының қатысуымен дайындаған 8 наурыз ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың туған күніне арналған «Айбергенов әлемі» тақырыбындағы әдеби-танымдық кеш ақын мұражайында 4 наурыз күні өте жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның мақсаты: сағынып келіп, сағынтып кеткен ақберен ақын Төлеген Айбергеновтың жыр әлеміне саяхат жасау, оқушыларды поэзияны сүйе білуге тәрбиелеу. Іс-шара жыр сүйер қауымның сезім дүниесінен берік орын алған, өмірге деген құштарлық романтикасын жырлаған Төлеген Айбергеновтың поэзия туралы айтқан ұлағатты сөздерінен басталып, Төлеген Айбергеновтың өмірінен бірнеше бейнефильмдер көрсетіліп, ақынның жыр әлеміне саяхат жасалды. Іс –шара барысында 5 а сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқып, ата-аналардың, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің үлкен ризашылығына ие болды.