Отрасли
Обсуждения
Новость
Өзін-өзі басқару күні
Жыл сайын біздің оқу ордамызда Мұғалімдер күні қарсаңында өзін-өзі басқару күні өткізіліп, жоғары сынып оқушылары басқа сыныптарға сабақ жүргізіп, бір күнге мұғалім атанатын дәстүр бар.
Жыл сайын біздің оқу ордамызда Мұғалімдер күні қарсаңында өзін-өзі басқару күні өткізіліп, жоғары сынып оқушылары басқа сыныптарға сабақ жүргізіп, бір күнге мұғалім атанатын дәстүр бар. 2014 жылдың 3- қазанында біздің гимназияда Өзін-өзі басқару күні өтті. Бұл күні барлық түлектер өздерін мұғалім, директордың орынбасары, мектеп әкімшілігі рөлінде болып, өз бастарынан өткізеді. Барлық оқушылар сүйікті ұстаздарын немен таңқалдырсақ деп, өте ұзақ және тынымсыз дайындық үстінде болып, нәтижесінде барлығы 100 % деңгейде өтті.Таң әдеттегіден ерекше болды. Кіре беріс және дәліздер гүлдермен, шарлармен, жалау және құттықтау жазылған түрлі-түсті қабырғагазеттерімен безендірілген. Бірақ мектепке кіре берісте ұстаздарды әдеттегідей кезекші мұғалім және директордың орынбасарлары емес, олардың орнына оқушылар күтіп тұрды, себебі, мектепте өзін-өзі басқару күні.Бұл күнге бүкіл мектеп ұзақ дайындалды.Ұстаздармен тығыз ынтымақтастықта бастауыш сыныпмұғалімінің 13 дублері, жоғары сыныптың 43 дублері еңбектенді. Олар дублерлер жүргізетін сабақтардың жоспарларын жасады. Оларға өмірлерінде мұғалім рөлінде болу мүмкіндігі түсіп тұр. Міне көптен күткен уақыт жетті. Тыңғылықты дайындықтың, ұстаздардың көмегінің арқасында дублерлер өз сабақтарын тек «Жақсы» және «Өте жақсы» деген бағаға өткізді. Бұл күнге дайындық барысында барлығы құттықтап та, барлық қатарлас сныптармен жақындасып, үлкен, тату отбасы болып үлгерді. Күштерін біріктіріп, оқушылар мұғалімдеріне нағыз жан мерекесін сыйлады. Күннің тақырыбы: «Балалық шақтан». Түлектердің бұл тақырыпты таңдау себептері, ұстаздарының бақытты балалық, жастық шағын еске алғандарын қалады. Дәстүрді жаңғыртып, сүйікті де талантты ұстаздарын пионерлер қатарына қабылдап, галстук сыйлады. Түлектер мектепті де, ондағы тәртіпті де күрделі болса да бағындыра алды. Мектепте ынтымақтастық пен сенімділіктің ахуалы орнады. Оқу күнінің нәтижесі біріккен педогогикалық кеңеспен аяқталды. Екінші ауысымнан кейін шаршаған түлектер біріріне өзін-өзі басқару күнінің жоғары деңгейде өткенін мойындады.