Салалар
Талқылаулар
Новость
6-12 қараша аралығында Шахматтан оқушылар арасында «Ақбозат» республикалық жарысы
Тартысты сайыста мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі оралды. Ұлы қазақ даласынан жиналған
Жемісті жеңістер
Астана қаласында 2015жылдың 6-12 қараша аралығында Шахматтан оқушылар арасында «Ақбозат» республикалық жарысы өтті.
Тартысты сайыста мектебіміздің намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі оралды. Ұлы қазақ даласынан жиналған топтардың арасынан оқ бойы алға шығып жалпы ұпай бойынша жүлделі І орынды мектебіміздің спортшылары жеңіп алды. Жекелей сында 4-6 сыныптар арасында 4а сынып оқушысы Тлеубаева Дана ІІ орынға ие болды.7-11 сыныптар арасында 8ә сынып оқушысы Тажин Марлен ІІІ орынға ие болды.5б сынып оқушысы Туркпенова Анель ІІ орынға ие болды.7г сынып оқушысы Джанзаков Аңсар І орынға ие болды.Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, жалпы қатысқан 8 спортшымыз намысты қолдан бермей жеңіске жету жолында барын салып аянып қалған жоқ . Осы орайда шахматтан балаларды даярлап үкілеп жаратып бабында бәйгеге алып барған топтың жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Абдрахманов Хабиболла ағайымыздың еңбегінде көруімізге болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші шәкірттердің дарынын танып биіктерден көрінуіне қол үшін беріп жүрген ұстаздарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Әркез жеңіс тұғырынан көрініп оқу ордамыздың абройын асқақтата беріңіздер деп тілек білдіреміз.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі : Махаділ Ерхан