Жақында мектебімізде тұңғыш Президент күніне орай "Алаштың ер ұланы" деген тақырыпта 9-10 сыныптар арасында жігіт сұлтаны байқауы өтті.
Жақында мектебімізде тұңғыш Президент күніне орай "Алаштың ер ұланы" деген тақырыпта 9-10 сыныптар арасында жігіт сұлтаны байқауы өтті. Өрендеріміздің өнерлері мен ептіліктері, білімдері мен білек күштері бірдей сыналған жарысқа директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Жамалиқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытжан Болатбек, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алданыш Қуантайұлы қазылық жасады. Қара қылды қақ жарған әділ төрешілеріміздің шешімі бойынша 9 "Б" сынып оқушысы Талас Алтай 115 ұпаймен "Алаштың ер ұланы" деген атқа лайық деп танылып жігіттің сұлтаны болды. 10 "А" сынып оқушысы Жазықбаев Жасұлан мен 9 "В" сынып оқушысы Карбек Азамат 99 ұпаймен "АЛҒЫР ЖІГІТ" және "ШЫМЫР ЖІГІТ" деген аталымдарға ие болды. 94 ұпайды еншілеген 9 "А" сынып оқушысы Мажитов Дильнур "ШЕШЕН ЖІГІТ" болып танылды. 9 "Ә" сынып оқушысы Кужахметов Сержан 81 ұпаймен "ӨНЕРЛІ ЖІГІТ" болса, 10 "А" сынып оқушысы Тұрлыбеков Бексұлтан "ТАПҚЫР ЖІГІТ" аталымына қол жеткізді. Құттықтаймыз!