Бүгін мектебіміздің акт залында тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген, елі сүйген елбасы" деген тақырыпта патриоттық әндер кеші өтті.
Бүгін мектебіміздің акт залында тұңғыш Президент күніне орай "Елін сүйген, елі сүйген елбасы" деген тақырыпта патриоттық әндер кеші өтті. Ұрпақ тәрбиесінде ән атаулының алатын орны ерекше. Батыстың мағынасыз, түсініксіз, ешбір рухани азық бере алмайтын, керісінше сананы улайтын әндерінен гөрі ұлтқа деген сүйіспеншілігімізді оятатын патриоттық әндер әлдеқайда жоғары. Осындай әндер легін Махмуд Ақнұр, Қасымова Ақнұр, Өмірбек Ақбота, Дарбаев Ғалымжан, Сабитова Дильназ, Таңатқанов Рүстем сынды мектебіміздің күміс көмей, жез таңдай әншілері орындап, оқушылар оларды ерекше ықыласпен тыңдады. Жас ақындар Сәпиева Айғаным мен Калиденова Перизаттың елбасыға арналған жалынды жырлары шәкірттеріміздің көңілдеріне шуағын төккені сөзсіз. Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.