Салалар
Талқылаулар
Новость
«Биле, биле» би сайысының өткізілуі туралы анықтама
28.11.2015 жылы №24 орта мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 8-11 сыныптар арасында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Биле, биле» би сайысы өтті.
28.11.2015 жылы №24 орта мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған 8-11 сыныптар арасында мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Биле, биле» би сайысы өтті. Сайысқа 5 топ қатысты, яғни олар: 8-11 сынып құрамалары және «Баскетбол» қыздар командасы. «Биле, Биле» сайысы 5 кезеңнен тұрды:
Таныстыру
Ұлттық би
Ә.Оқаповтың «Биле, биле» әніне би құру
Батл
флешмоб
Жоғарыда аталған әр кезеңде оқушылар өздерін жақсы қырынан көрсетіп, ортаға өздерінің би өнерлерін паш етті. Әділқазыл мүшелері топтың жұмыстарын креативтік, жаңашылдық, шығармашылық критериялары бойынша бағалады. Үзілісте мектебіміздің әнші қыздары Алхабек Айжан мен Сейткаримова Айшанұр әң айтып, көрермендердің көңіл- күйін көтерді. Әділқазылардың шешімі бойынша ІІІ орынды 8 және 9 сынып құрамалары, ІІ орын – 10 «А» сынып құрамасы, І орын- «Баскетбол» қыздар командасы, Гран- при – 11 «А» сынып тобы иеленді. Барлық топтар мадақтама қағаздар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сайыстың соңы көңілді би кешімен жалғасты.