Салалар
Талқылаулар
Новость
«Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы аясында семинар - тренинг
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, Ж.Жабаев атындағы мектеп-гимназиясында «Әлемді өзгертетін идеялар» жобасы аясында семинар - тренинг өтті. Тренингке 10-11сынып оқушылары қатысты. Солардың ішінде 10 «В» сынып оқушылары Асқарұлы Нұрислам, Әбілдина Гүлфайруз, Махметов Ерасыл, Талғат Диас, Төленова Аяулым, Тулегенова Жанерке және сынып жетекшілері Карбозова Ләйлә Кенжеғалиқызының қолдауымен оқушылардың ұйымдастырған білім беру жобасы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға арналған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жаһандық бастамалары мен концептуалдық идеяларын зерттеуге бағытталған. Семинар-тренингке тарих пәнінің мұғалімі Қуанбаев Серік Дәулетшеұлы, мектептің ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қашаева Айгүл Оңдағанқызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шаяхметова Айгүл Сайлауқызы қатысты. Оқушылар тренинг барысында үлкен қызығушылық танытып, басқа да оқушылармен белсенді жұмыс жасады.
Оқушылар Қазақстанның қарқынды дамуына үлесін қосатын идеялар мен ой түйіндерімен бөлісті.