Салалар
Талқылаулар
Новость
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне орай Елбасы кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні мерекесіне орай Елбасы кітапханасына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға мектебімізден 9 Б сынып оқушыларын орыс тілі пән мұғалімі әрі сынып жетекшісі Сейтжанова Гүлнар Сейтжановна апарып қайтты.
Экскурсия барысында Елбасымыздың жеке мүліктерін, балалық шағынан қазірге дейінгі фотогалереясын және Елбасына басқа елдерден берген сыйлықтары мен жас кезіндегі көптеген естелікке қалған суреттері, алтын мен күмістен жасалған шахматты тамашалады. Солардың ішіндегі ең ерекшесі - бұл Габелен атты суретшінің жіптен тоқыған сыйлығы. Президентке қыздары сыйлаған алтыннан жасалған «ашық киіз үй» сыйлығын көріп қайтты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасына, «Тұңғыш первый кино онкүндігі» аясында «Балалық шағымның аспаны» фильмі көрсетілді.
Оған қоса фильмде Н.Ә.Назарбаевты сомдаған актер және Мәдениет қайраткері Нурлан Әлімжановпен кездесу өтті.Оқушылар көптеген сұрақтар қойып, кешті қызықтыра түсті. Олардың ішінде біздің мектептің 9 «б» сыныбының оқушысы Дүйсенбайқызы Қарлығаш та өзін қызықтырған сұрағын ортаға салды.
«Тек уақытша жылтырға, байлыққа, атаққа қызыға бермеңдер, ол тез сөніп қалып, төменде қаласыңдар.Барлық ақылды, білімді ішке жинасаң, соның жемісін ұзақ көресің», - деді Нұрлан Әлімжан.
Экскурсияға 20 дан астам мектепоқушыларымен Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Солардың ішінде 51- мектепт-гимназиясынын 9 «Б» сыныбының жетекшісі Г.С.Сейтжанова және бір топ мектебіміздің белсенді қыздар қатысып, оқушылар экскурсиядан көп қызық мәлімет көріп-біліп, тамаша әсер алды.