Салалар
Талқылаулар
Новость
Біздің мектебімізде "Парламент отырысы" өтті
30 қарашада тарих пәні мұғалімі Бимендин Болат Дусимбекұлының бастауымен Тұңғыш Президент күніне орай 10 сыныптармен ұйымдастырылған «Парламент отырысы» өтті. Осы отырысқа мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдері, оқушылар қатысты. Әр отырысқа қатысқан министрлер тұңғыш Президент күніне орай Н.Ә.Назарбаевтің ерең еңбегін атап өтті. Жеткен жетістіктерімен қоса Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы айтты. Оқушылар өздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде орындады. Отырыстың соңында қатысқан оқушыларға сертификаттар берілді.

