Салалар
Талқылаулар
Новость
Ұстаздық еткен – ұлы іс!
26 желтоқсан Айсұлу Қуанышқызының 55-жас Мерейтойы. Ұстазымызды туылған күнімен шын жүректен құттықаймыз!
Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Осындай мұғалім біздің балаларымыздың сынып жетекшісі Сейдахметова Айсұлу Қуанышқызы. Айсұлу Қуанышқызы біздің сыныпты даярлық тобынан жетелеп келеді. Алғашқы «А» әріпінен күрделі теңдеулерге дейін үйреткен алғашқы ұстазымызға алғысымыз шексіз! Айсұлу апай – әр сөзінде мейірімі бар кең жүректі ұстаз. Әр оқушының жағдайын, көңіл - күйін бір қарағаннан сезетін, балалармен жұмыс істеуде үлкен түсінігі бар мұғалім. Сабақ бергенде, оқушылардың қызығушылығын оята алады. Өз пәнін оқытқанда, әр оқушының санасына өз білімін үлкен шеберлікпен жеткізе алады. Айсұлу Қуанышқызының әр сабағы әрдайым қызықты өтіп, жаңа мәліметтерге толы болады. Бұған дәлел, ұстаздың шәкірттері орта, жоғары буындарда оқып жүргенде бастауыш сыныптардан алған терең білімдеріне сүйене отырып, талай олимпиадалық жүлдегерлері атанған, мектеп түлектері «Алтын белгі» иегерлері атанған. Осындай енбегіндегі жақсы нәтижелері үшін біздің мұғалім Айсұлу Қуанышқызы «Ыбырай Алтынсарин» белгісі – жоғары марапаттуға ие болған.
Айсұлу Қуанышқызы тәрбие жұмыстарын жүргізгенде де өзінің үлкен тәжірибиесін қолдана алады. Ол кісінің кең жүрегінде әр балаға, әр оқушыға орын табылады. Әр шәкіртке шын жүректен жаны ашып, көмек бергісі келіп тұрады. Біздің сыныптың мұғалімі Айсұлу Қуанышқызының болғанына біз өте қуаныштымыз.
26 желтоқсан Айсұлу Қуанышқызының 55-жас Мерейтойы. Ұстазымызды туылған күнімен шын жүректен құттықаймыз! Сіздің бала көңіліңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!
Тілек білдірушілер:
Жамбыл Жабаев атындағы
№4 мектеп-гимназиясының
2 «В» сынып ата-аналары.