Салалар
Талқылаулар
Новость
Тарих әдістемелік бірлестігінің «Желтоқсан жаңғырығы» атты 2015-2016 оқу жылындағы 02-12 желтоқсан аралығында өткізген онкүндігі туралы Анықтама
Тарих әдістемелік бірлестігінің «Желтоқсан жаңғырығы» атты 2015-2016 оқу жылындағы 02-12 желтоқсан аралығында өткізген онкүндігі туралы Анықтама
Тарих әдістемелік бірлестігінің «Желтоқсан жаңғырығы» атты 2015-2016 оқу жылындағы
02-12 желтоқсан аралығында өткізген онкүндігі туралы
Анықтама
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, өз елінің тарихына деген құрметпен қарау, патриоттық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіре отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жас мамандарға ашық сабақтар, сыныптан тыс іс шаралар өткізуді қөрсету, үйрету;
Әрбір оқушыға Қазақстан Республикасының тарихи құндылығын таныту.
Желтоқсанның екісі күні «Желтоқсан жаңғырығы» онкүндіктің ашылуы саптық жиын түрінде бірінші ауысымда 8-11 сыныптар,екінші ауысымда 5-7 сыныптар оқушыларының ұйымдастыруымен өтті. Саптық жиын желтоқсан оқиғасының куәгері болған тарих пәнінінің мұғалімі Ералиева Закира Есалықызының сөзімен басталды. Жиында сандар тарихынан мәліметтер берілді.Онкүндік жоспарына сай ашық сабақтар өз дәрежесінде өтіп, оған пән мұғалімдері, жас мамандар қатысып пікір алмасты және озық тәжірибелермен бөлісті. Жоспар бойынша барлық ашық сабақтар өтілді:
- күні пән мұғалімі Мақұлбаева Фарида Жалалқызы 8 «а» сыныбымен «Бөкей ордасындағы 1836-1838 жылдардағы көтеріліс» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ БиС технологиясының «Ауызша сабақ- 1» технологиясы бойынша жүргізілді.
- 9 «а» сыныбымен «Қазақстанның Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта сын тұрғысынан ойлаудың элементтерін қолданды. Сабақта көрнекіліктер қолданылды. 09.12.2015 күні пән мұғалімі Қадырбаева Алма Қонышқызы 8 «б» сыныбымен «1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында Кенесары Қасымұлы жайлы қосымша мәліметтер беріліп, түрлі слайдтар көрсетілді. Жаңа сабақ барысында Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жайлы тақырыпты нақтылайтын жайлы мәліметтер айтылды. Онкүндік барысында сыныптан тыс іс-шаралар да өткізілді:
Тарих пәнінің мұғалімі Мақұлбаева Фарида Жалалқызы 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған XXI ғасыр көшбасшысы атты зияткерлік сайысы өткізілді.Сыныптан тыс іс шарада «Жанды сұрақтар», «Көкпар», «Бәйге»«Жорға» сұрақтары оқушылардың қызығушылығын оятты және интеллектуалды білім дәрежесін көрсетті.Сынып көрнекіліктермен безендірілді.Сайыс оқушылардың жас ерекшеліктері сай ұйымдастырылды. Білім сайысында жеңімпаздар анықталып,Сабыр Ақбота (8г) І орын, Өксікбаева Айзада (8в) ІІ орын, Ақшабақова Меруерт (8в) ІІІ орын иеленді.
- I ауысымда 12-13.00 аралығында 11 «а», 11 «ә» сыныптары арасында Қадырбаева Алма Қоңқышқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым»білім сайысы өткізілді. Сайыс жарыс түрінде өткізілді. Оқушылар тыңғылықты дайындалған. Тәуелсіздікке байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. 11.12.2014 күні I ауысымда 12.00-1300 де 10 «а» сыныбымен Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған дөңгелек үстел № 412 кабинетте өткізілді. Дөңгелек үстел мұғалімнің кіріспе сөзімен басталды. Дөңгелек үстел барысында қазақ хандығы құрылғаннан бастар әр ханға жеке-жеке тоқталды. Оқушылар өздері қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы слайдтар жасаған. Оқушылар көріністер көрсетті. Оқушылар дөңгелек үстелге тыңғылықты дайындалған. Дөңгелек үстел мұғалімнің қорытынды сөзімен аяқталды. «Тарих» бірлестігінің «Желтоқсан жаңғырығы» атты онкүндігі жақсы деңгейде өтті. Мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға тыңғылықты дайындалған. Оқушылар да белсенділік танытып, апталық қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталды.


