Салалар
Талқылаулар
Новость
«Қош бол, сүйікті Әліппе!»
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған №52 мектеп гимназиясының 1 сынып оқушылары өздеріне алғаш әріптерді танытқан әліппемен қоштасу үшін, «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігін өткізді.
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған №52 мектеп гимназиясының 1 сынып оқушылары өздеріне алғаш әріптерді танытқан әліппемен қоштасу үшін, «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілігін өткізді.
Мақсаты:
- Білімнің бастауы болған әліппе оқулығын аяқтап, үйренген білімдерін тиянақтау, өнерлерін тамашалау;
- Сөз байлығының молайғанын, ой саналарының өскенін көрсету;

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Ертеңгілікте оқушылар ән шырқап, би биледі. Қызықты ертегілер сахналанды.
Жүздеріңнен көркем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

