Салалар
Талқылаулар
Новость
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Астана қаласы № 51 мектеп- гимназиясында мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында ДТІЖО Ғ.Қ.Ысмайыл мен тарих әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен мектептің акт.залында жиын болып өтті.
Жиынға- 465 оқушы қатыстырылды. Жиын барысында Елбасы жолдауы тікелей эфир арқылы көрсетілді. Ал желтоқсанның 7 жұлдызында акт.залда мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын мектеп ұстаздарын тарих пәнінің мұғалімі: Туйешиева Жанат Амангелдіқызы таныстырды, оған 125 ұстаздармен кіші қызметкерлер қатыстырылды. Жолдау соңында жолдауға қолдау көрсетіп сөз алған ұстаздарда болды. Мектебіміздің диреторы: К.С. Дүйсенова сөз алды. Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық қаржы дағдарысы кезінде Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері, дағдарысқа қарсы стратегия, сонымен қатар дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарудың бес бағыты, елдегі жұмыссыздықпен күрес, әсіресе жастар үшін 2016 жылдан бастап, елімізде кәсіби- техникалық мамандарды ақысыз оқытып, білікті мамандар даярлап, жастарға мемлекет тарапынан жағдайлар жасау, 2016 ж бастап әлеуметтік сала, медицина, бюджет, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, сондай-ақ шәкіртақыны қосқанда жалпы пайыздық көрсеткіштер 25-40 аралығында көтерілетіні туралы айтып өтті.
Жас маман: ағылшын пәнінің мұғалімі Смағұл Сымбат сөз алды.
Елбасы өз жолдауында Қазақстан жастарына үлкен сенім білдірді . Өз сөзінде елбасы жастардың еңбекқор, мамандығын белсенді игерген жастар болуды баса айтып өтті. Елбасы өзінің өмір жолын жұмысшы киіммен бастап, домна пешінің жанында тұрғанын кейінгі жастарға үлі етті. Арине біз жастар еліміздің дамуына аянбай еңбек етеміз деп бір топ жас мамандардың атынан сенім білдіремін!
Жолдаумен таныстыру кезінен көріністер:
