Салалар
Талқылаулар
Новость
Экспо-2017 көрмесі және Қазақстан
Экспо-2017 көрмесі және Қазақстан
2016 жылдың 25 қаңтарында 5 «Б», 11 «Б», 6 «Б» сыныптары «Экспо-2017 көрмесі және Қазақстан» тақырыбында өнер көрсетті. Оқушылар Экспо-2017 Халықаралық көрме туралы видеороликтер мен слайдтар көрсетіп, біраз мәліметтер беріп өтті.
6 «Б» сынып оқушысы Мурзағали Томирис өзінің қытай биімен оқушыларды таң қалдырды. Жарылқасын Малика мен Мұрат Бәтіш оқушыларға көрме туралы қызықты мәліметтер ұсынды.
11 «Б» сынып оқушысы Айдарбекова Ұлдана көрме туралы қызықты видеоролик көрсетіп, баяндама оқыды.
Ассамблея соңында апта бойы жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталып, кешіккен оқушылар мен мектеп формасын сақтамаған оқушыларға ескерту жасалды.