Салалар
Талқылаулар
Новость
Республикалық профилактикалық іс-шара «Жасөспірім, Құқық, Қауіпсіздік»
«Жасөспірім, Құқық, Қауіпсіздік» атты акция шарасында, мектеп инспекторы полиция капитаны А.О Көшкенова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Игентаева Г.А және 8 «Б» сынып жетекшісі В.А Виногородская 2016 жылы 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайына оқушыларға арнайы экскурсияны ұйымдастырды. 
Экскурсия барысында оқушылар қызықты әрі пайдалы ақпараттармен танысты. Өйткені ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайы елбасымыздың алғашқы резиденциясында орналасқан. Мұражайда тұңғыш Президентіміздің қоғамдық және мемлекеттік қызметінің алғашқы кезеңдеріне қатысты ғылыми жұмыстар, маңызды құжаттар, кітаптар, сыйлықтар топтамасы, марапаттар және басқа да материалдар орналасқан. Мұражайдың ең басты топтамасы ретінде Президентіміздің сан қырлы қызметі барысында алған мараппаттары саналады. Сонымен қатар, мұражайдағы кітаптардың да алатын орны ерекше. Өйткені кітаптарда бүгінгі заманның біртуар азаматтарының қолтаңбалары қойылған. Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің мұражайы ел тарихындағы жаңа көрікті орындардың бірі болып есептеледі.