Салалар
Талқылаулар
Новость

«1 Наурыз Алғыс айту - парызым» Тәрбие сағаты
Алғыс айту туралы түсінік беру,үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу мақсатында Қаратерек орта мектебінде «Алғыс айту - парызым» атты сынып сағаттары өтті.
Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады екенін сынып жетекшілер оқушыларға жеткізуге тырысты.Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді деп,оқушыларға алғыс жайлы презентация көрсетті.