Отрасли
Сообщества
Новость
1.1 STEM сайысы робототехникада ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, инженерлік мамандықтардың беделін арттыру, спорттық және оқу робототехникасын мектебімізде кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.
STEM мектептішілк байқауы
- Жалпы ережелер
- STEM сайысы робототехникада ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту, инженерлік мамандықтардың беделін арттыру, спорттық және оқу робототехникасын мектебімізде кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.
- Байқау форматы
2.1. Байқау қашық форматында өткізіледі.
2.2.Электрондық почта арқылы өз жұмысыңызды жіберіңіз:
84.stem@bk.ru
- Өтінім беру және қатысушыларды тіркеу тәртібі
3.1. Оқушы сынып жетекшісіне онлайн-байқауға қатысуға ниет білдіретіндігі туралы хабардар етеді.
3.2.Сынып жетекшісі қатысушыға өтінім жасайды.Өтініштер 84.stem@bk.ru эл-почтасына 24.10.2020 - 01.11.2020 уақыт аралығында жіберілуі керек. Өтініш нұсқасы төмендегідей:
№ | Сынып | Оқушының толық аты-жөні | Сынып жетекшісі | Сынып жетекші тел номері |
|
|
|
|
|
3.3. Байқау 01.11.2020 – 14.11.2020 уақыт аралығында өтеді.
- Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар
4.1. Байқауға төмендегі сынып оқушылары қатыса алады:
- 1-4 сыныптар (кіші топ)
- 5–7 сыныптар (орта топ)
- 8-11 сыныптар (үлкен топ)
4.2. Бір сыныптан қатысатын оқушылар санында шектеу жоқ.
4.3. Бір жұмысты тек бір ғана оқушы ұсына алады.
4.4. Қатысушылар мектептің мақтау қағаздарымен марапатталады.
4.5. Нәтижелері мектебіміздің сайтында жарияланады.