Отрасли
Сообщества
Новость
«ҚЫЗЫҚТЫ МАТЕМАТИКА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Бүгін, 2023 жылдың 20 қазан күні Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп-лицейінде Республика күніне орай 5,6 – сынып оқушылары арасында «Қызықты математика» интеллектуалды ойыны болып өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ауызша есептей білуін, логикалық есептерді, сұрақтарға тез жауап беруіне дағдыландыру. Алған білімдерін пайдалана біліп, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шапшаңдыққа, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Ақыл ойды тәртіпке келтіретін нағыз пән – математика болғандықтан бұл сайыстың оқушыларға берері көп болды. Сайыс 5 бөлімнен тұрды. Оқушылар 2 топқа бөлінді. «Тапқырлар» тобы мен «Лезде» тобы. Тартысты өткен сайыста «Лезде» тобы жеңімпаз атанды. Құттықтаймыз!