Отрасли
Новость
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау ІІМ-нің ерекше бақылауында
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Онда жасөспірімдер ортасында жасалатын қылмыстарды анықтау, жолын кесу және алдын алу шаралары қарастырылған. Бүгінгі таңда әрбір мектеп пен колледжге учаскелік полиция, ювеналды және криминалдық полиция қызметкерлері бекітілді. Олар жат әрекеттер жасауға бейім жасөспірімдер арасында 300-ден астам неформалдық лидерлерді анықтады. Олар ішкі істер органдарының ерекше бақылауына алынды. Кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында аумақтық полиция департаменттерінің бастықтары мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізді. Жасөспірімдерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы түсіндірілді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/kameletke-tolmaghandardyng-quqyghyn-qorghau-iim-ning-erekshe-baqylauynda/