Отрасли
Новость
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2 қараша күні бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.И.Кенжебулатова жылдық есеп беру жиналысын өткізді.
Саумалкөл қазақ орта мектебінде 2 қараша күні бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.И.Кенжебулатова жылдық есеп беру жиналысын өткізді. Бүгінде бастауыш кәсіподақ ұйымы білім саласы қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында облыстық ұйымның жарғысына, ережелерге және жұмыс жоспарына сәйкес қызмет етіп келеді. Жиналыс соңында бірқатар кәсіподақ мүшелері сөз сөйлеп, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.И.Кенжебулатованың атқарған жұмыстарына және есебіне алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіподақ жұмысын жандандырып, одан әрі күшейтуге ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.