Отрасли
Сообщества
Новость
Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 8-10 сыныптар қатарында "Алаш қозғалысы-тәуелсіздікке қадам" атты дөңгелек үстел ( Ибраева А.К., Гуняга Е. В.), мерекелік концерт, "Republic day" челленджі-Отан туралы сүйікті әндерін орындау өткізілді.

Бірыңғай сынып сағаттары 24 қазанда өткізілді .
Мақсаты: қазақстандық патриотизмді , ұлттық келісімді , өз халқына ,өз Отанына деген мақтанышты қалыптастыру.
Сынып сағаттары ҚР Әнұранын орындаудан басталды, оқушылар жастардың ел дамуына қосқан үлесі туралы талқылады, "Кеше,Бүгін ,Ертең.»
"Алаш қозғалысы-тәуелсіздікке қадам" атты дөңгелек үстел "ми шабуылы" мен бейнеролик көруден басталды .
Оқушылар келесі сұрақтарды талқылады:
Алаш идеясы неде?Неліктен Алаштың ізбасарлары көп болды? Неліктен Алаш-Тәуелсіздікке апарар жол?
Мұғалімдерге,ата-аналарға және оқушыларға арналған мерекелік концертте "Республика күні"мерекесіне арналған вокалдық және би композициялары ұсынылды. 8 сынып оқушылары фортепианода жанды орындаумен сүйемелдеумен Қазақстан туралы өлең оқыды. Концерттің аяқталуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің рәміздерімен "Гүлстан Қазақстан" әнін орындау болды.