Отрасли
Новость
Оқу жылының екінші тоқсанынан бастап Білім басқармасының бастамасымен елорданың барлық білім беру ұйымдарында «8 минуттық көркем әдебиет оқу» жобасын бастадық. Аталған жоба аясында балалар күнде 8 минут кітап оқиды. Яғни, әр ауысымның алдында сабақ басталмас бұрын 8 минут уақытын кітап оқуға бөледі. Содан соң, 2 минут тынығып алып сабақтарына кіріседі. Бұл жобаны бастаудағы мақсатымыз әрбір оқушы көркем әдебиет оқыса екен дейміз. Себебі, кітап оқыған оқушының білімі, ой - өрісі кеңейеді. Кітап оқудың пайдасы орасан зор. Сөздік қордың көбеюіне, мидың күнделікті жаттығуына және есте сақтау қабілетінің жетіліп, баланың шығармашылық ойлау жүйесін жақсартады. Одан өзге білім сапасын көтеруге тигізер әсері мол. Оқушылар оқуға ұсынылған көркем әдебиет тізіміне сәйкес, таңдаулары бойынша кез келген әдебиетті оқи алады. Кітапты тікелей кітапханадан алып немесе ұнаған кітаптарының көшірмелерін де пайдаланса болады.